Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

15 мамырда, яғни мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Биылғы жылғы ЮНЭЙДС ұраны: «Біздің жадымызда! Біз әрекет етеміз! Біз АИТВ індетінен көппіз!».
 Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
 Аталмыш кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан, Серғали-Түркістан РҚБ,жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Мусаева Жанар, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Махмудхан Бейбіт, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Ахатаев Абзал және «Мирас» студенттері қатысты.
 Кездесуде қатысушылар арасында нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды ақпараттар беріліп, жаман әдеттерден аулық болып жақсы істермен айналысу мақсатында сөз қозғалды. Сала мамандары өзінің бағыттары бойынша баяндама әзірлеп, салауатты өмір салтын ұстанып спортпен айналысуға шақырды.