Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 Абай ауданы және Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру.
 Дәріс барысында АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай. АИТВ, ЖИТС туралы түсінік. АИТВ-ны алдын-алу жолдары. Антиретровирусты терапияның мақсаты. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау тақырыптары айтылды.
 Іс-шара ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира және "Жол көлік" колледжі студенттерінің қатысуымен өтті.