Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 Маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымы Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесін  атап өтеді.

      Бұл – ерең еңбектері шексіз, нағыз құрметке лайық  дәрігерлер мен медбикелерге арналған мерекені Шымкент қаласы ЖИТС орталығы да  атап өтті.

       Мерекені Шымкент қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Е.Ж.Есіркепов алғы сөзбен ашып,  медицина қызметкерлерінің  адам өмірін сақтау мен қолдауда көрсетіп жүрген еңбектерін атап мереке күнімен  құттықтады.

       Мереке барысында Ж.И. Сапарова  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі табыс еткен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, А.Д. Жаңабаева  «Еңбек ардагері» медалімен, Б.Ә.Көлбаева  алғыс хатпен  марапатталды,  Қазақ дерматология және инфекциялық  аурулар ғылыми  орталығынан Г.Т. Қысмұратова алғыс хатпен, ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалы» табыс еткен құрмет грамотасымен Ш.И. Абдулаева, Султанова М.П., К.М. Ташыбекова Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасынан алғыс хатмен  марапатталды. 

      Медицина қызметкерлері, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, қызметтеріңізге табыс тілейміз.

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э., журналист