Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2022 жылдың 17 тамызда, сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының тәжірибелі лекторлар пулының мүшесі Майра Боранбаеваның қатысуымен семинар – тренинг өтеді.

Семинар барысында ҚР Еңбек заңнамасы және оны қолдану тәжірибесі, әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттың тараптары мен келіссөздер жүргізу, еңбек дауларының алдын алу және оларды басқару мен шешу жолдары, Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәсіподақтар қызметінің құқықтық негіздері мен кепілдіктері, кәсіподақ қозғалысының көшбасшысы, еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлардың жұмысы жайлы баяндама жасалады.

Осыған орай, аталған семинар сағатына өздеріңізден бөлек бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларын да толық қатысуларын қамтамасыз етсеңіздер. Егер белгілі-бір себептерге байланысты қатыса алмай қалған жағдайда өз тараптарыңыздан басқа адамның қатысуын сұраймыз.

Семинар-тренингке қатысатын тыңдаушының аты-жөнін ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін хабарлауларыңызды сұраймыз.