Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Түркістан қаласы кәсіпкерлер палатасында «АИТВ/ЖИТС тің бизнеске әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2018 жылы 6 ақпанда Түркістан қаласы кәсіпкерлер палатасында бизнес басшыларымен ОҚО СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының №2 бөлімше мамандары «АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел өту барысында Түркістан қаласында орналасқан бизнес өкілдеріне «Жаһандық бәсекелестік индексі» туралы мағлұмат берілді. Сонымен бірге АИТВ инфекциясының бизнеске қаншалықты әсер ететіні, яғни Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші ең төмен елдердің қатарына кіретіні, оның алдын-алу шаралары туралы түсіндірілді. Дөңгелек үстелге 20 адам қатысты, оларға АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын-алу шаралары жайында парақшалар таратылды.

Мақаланың авторы: Рыскелдиев Д.Қ., врач эпидемиолог