Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 📌 Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Достық» колледжі студенттеріне жастарға салауатты өмір салтын баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
📌 Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Руслан Аитов, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Абуталиев Ержан, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Нина Столярова, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі Қазақстан чемпионы кубогы, әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы Қуаныш Чимекнтбай және «Достық» колледжінің студенттері қатысты.
📚 Шара аясында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында кітап оқуға шақырды. Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.