Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

📌 Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті» студенттеріне жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу мақсатында кездесу өтті.
📌 Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
📚 Шара аясында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында кітап оқуға шақырды. Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.