Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 

22.09.2022ж. Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында бас дәрігерлердің орынбасарлары және жауапты мамандардың қатысуымен «Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша өзекті мәселелері» тақырыбында кезекті жиналыс өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес «Шымкент қаласындағы перзентханаларда АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуін алдын алу шараларының жағдайы туралы" (баяндамашы Қ.Н.Маширов - Шымкент қ. ДСБ АИТВ/ЖИТС профилактикасы бойынша штаттан тыс бас маманы), «Ұйымдастырылған балалардың профилактикалық тексерудің өзекті мәселелері» (Д.Қазақбаева - Шымкент қ. ДСБ мектеп медицинасы бойынша штаттан тыс бас маманы, «2022 жылдың 7 айындағы халықтың медициналық ұйымдарға шағымдары бойынша талдау» (баяндамашы ШЖҚ «№9 Қалалық емханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары Ж.Идырова) мәселелері талқыланды.

АИТВ+ жүкті әйелдерге медициналық көмекті ұйымдастыру, босандыру тактикасы және басқа да қосымша сұрақтарға ЖИТС орталығы емдеу-алдын алу және диспансерлеу бөлімі меңгерушісінің м.а. Б.Бақтыбаева жауап берді.

Жиналыс қорытындылары, өзекті мәселелер бойынша ДСБ басшысының орынбасары - С.Дуйсенбаева  және Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы - И. Глазебная медициналық ұйымдарға хаттамалық тапсырма берді.