Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сайрам» медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Мақсаты - жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің және нашақорлықты пайдаланудың алдын алу. Салауатты өмір салтын ұстанып спортқа баулу.

Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Ермаханова Перизат, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Олимжон Ибраимов, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Қазақстанның 8 дүркін чемпионы, ушу саньдадан спорт шебері Шахзод Ташполатов, Жастар ресурстық орталығының маманы Айжарқын Қалмурзаева және «Сайрам» медициналық колледжінің студенттері қатысты.

Кездесуде ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы қауіпті және қауіпсіз мінез құлық, аурудың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы нарколог маманы айтып өтті. Сөз соңында сала мамандары жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Ал спортшы чемпиондар жастарды спортпен айналысуға шақырып, жастар тарапынан сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.
@murat__aitenov
@shynggys_muqan
@gabit_maulenkulov
@keuenovamoldirtursunbekkyzy
@aqparatqogam
@magzhanissakhov
@z.orynbekov
@talgatsalin
@abdi_nurlan
@jastarliv