Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Түркістан қаласы «Ныш-ер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске әсері» тақырыбында семинар өткізілді.

2018 жылы 12 ақпанда «Ныш-ер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ОҚО СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы Түркістан қаласы №2 бөлімше мамандарының қатысуымен «АИТВ/ЖИТС -тің бизнеске әсері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында бизнес басшыларына «Жаһандық бәсекелестік индексі» туралы мағлұмат берілді. АИТВ/ЖИТС инфекциясы сіздің бизнесіңізге ешқандай әсері жоқ екендігін түсіндірді. АИТВ жұқтырғандардың жұмыс істей алатындығы және өзінің нақты жұмыс орнына сонымен қатар қоғамға пайдасын тигізе алатындылығы айтылып өтті. Сауалнама жүргізілді. АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын-алу шаралары жайында парақшалар таратылды. Барлығы 20 адам қамтылды.