Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталық» МКҚК және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мирас» колледжінде АИТВ-инфекцияның алдын алуына арналған, жастар арасында науқан өтті.
«Теңдік уақыты» ұранымен өткізілген науқан барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында түсіндірме жұмыстары өтті.
Науқан аясында ЖИТС орталығының мамандары өз еркімен АИТВ-инфекциясына жедел-тест арқылы тексерілуге тілек білдірген азаматтарға тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.
Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің маманы Н.Жургенбаева.