Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

           2022 жылдың 1 желтоқсан күні Шымкент  қаласының  ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК мамандарының ұйымдастыруымен  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Дүниежүзілік науқан аясында «БАҚ-та АИТВ-ның алдын алу сұрақтарын жариялаудың позитивті тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті.

       Семинарға  орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Маширов Қ.Н, эпидемиология бөлім меңгерушісі Есиркепов Е.Ж., емдеу алдын алу жұмыстарымен  диспансеризациялау бөлімінің инфекционист дәрігері Бақтыбаева Б.С., Зертхана маманы Сметова С.Д., БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Дүниежүзілік науқан аясында Шымкент қаласы ЖИТС орталығының тарихы, тәжірибесі, АИТВ инфекциясын диагностикалау, емдеу және профилактикалық жұмысындағы жетістіктері, алдағы мақсаттары туралы жаңалықтармен бөлісу мақсатында өткізілді.

     Тілшілер орталықтың мамандарынан сұхбат алды, диагностикалық зертхана бөлімінде орналасқан соңғы үлгідегі талдағыштар мен апараттар жайында мәлімет алды.

      Іс-шараның соңында ЖИТС орталығының ұжымы АИТВ инфекциясын алдын алу шаралары жөнінде халықты ақпараттандыруда белсенділік танытқан  БАҚ өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.