Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 Шымкент қалалық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен «Теңдік уақыты!» ұранымен өткізілген кездесу барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясының алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақсаты – халық арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шараға ЖИТС-тің алдын-алу және оған күрес жөніндегі орталығының мамандары эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевичпен эпидемиолог көмекшісі Елшібай Шоқан  ,,ParkHealth,, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медициналық орталығы қамтитын аумақтағы тұрғындар мен мекеменің медицина қызметкерлері  қатысты.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкері тұрғындарға өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.