2022 жылдың 29 қараша күні , «Мухтар Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде» «Теңдік уақыты» ұранымен акция өткізілді. Іс шара барысында Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталық» МКҚК мамандары Ф. Абдиева, Ш.Елшібай университет студенттеріне АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы мәлімет берді. Өнегелік, құлықтылық нормаларын ұстанудың маңыздылығына көңіл бөлді. Іс-шара барысында тыңдаушылырдың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Парақшалар таратылып, студенттерден ерікті түрде АИТВ –инфекциясына жедел тест алынды.
Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының профилактикалық жұмыстар бөлімінің дәрігері Ф.Т.Абдиева