08.02.2023ж. Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК мекемесінде Шымкент қаласындағы медициналық санитариялық алғашқы көмек (әрі қарай МСАК) көрсету мекемелерінің АИТВ инфекциясына және «Жастар денсаулық орталығының» жұмысына жауапты медицина қызметкерлері арасында семинар өткізілді.
Семинарда ҚР ДСМ 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-211/2020 МСАК жүгінген науқастарды клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ инфекциясына тексеру туралы түсіндіріліп, Шымкент қаласындағы МСАК мекемелердегі 2022ж. науқастарды клиникалық көрсеткіштері бойынша тексеру монинторингісіне талдау жұмыстарын ЖИТС орталығы, эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиолог дәрігері Р. Даулеткулова мәлімдеді.
Сонымен бірге, 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-285/2020 және ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 бұйрықтарды талдау МСАК жастар денсаулық орталықтарының жұмысы, 16-29 жастағы жастарды АИТВ-инфекциясына жедел тест қою әдісімен тексеру жұмыстарын жүргізу. Экспресс тестілеу әдісімен АИТВ-ға зерттеулерді тіркеу журналын толтыру және жүргізу туралы ЖИТС орталығы, профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева презентация жасады
Мақала авторы: эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева