Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің Білім басқармасымен бірлескен жоспары бойынша, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында N124 мектеп оқушыларына дәріс өтті.
Дәріс барысында сала маманы жастарға АИТВ-инфекция жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу амалдарын түсіндірді. Жастарды өз еркімен АИТВ- инфекциясына тексерілуге талпындырды.
Сөз соңында сала маманы жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғауға (стигматизация мен кемсітушілікті алдын алу) шақырды.
Мақаланың авторы: Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мұғалімі Н.Жургенбаева.