Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК –нің гинеколог дәрігері Майсарова Ботагөз Дүйсенбековна жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын (әрі қарай ЖИТС)  жұқтырған жүкті әйелдер мен фертильді (15-49 жас аралығы) жастағы әйелдерге тексеру жүргізеді, жұғынды алып, нәтижесіне қарай ем тағайындайды, кеңес береді.

       ЖИТС-ті жұқтырған жүкті әйелдерді диспансерлік есепке алып, босанғанға дейінгі бақылау жұмыстарын жүргізеді. Атап айтқанда: Антиретровирустық (әрі қарай АРВ)  терапиясын ішуді қадағалайды, екі ай сайын талдау жасап, диспансерлік қарау жүргізеді. Егер әйелдің вирустық жүктемесі жоғары болса, жатыр ішілік ұрық инфекциясын алдын алу мақсатында  емдеу схемасы өзгертіледі.

      Ботагөз Дүйсенбековна әйел босанғаннан кейін оның  жағдайын тексереді, дәрігерлерге ұсыныс жазады. Бала туылғаннан соң 48 сағаттың ішінде бірінші ПЦР, ДНК, АИТВ-ға талдау жасау, нәрестеге АРВ профилактикасы ретінде сироп тағайындау, дозасын баланың салмағы мен бойына қарап беру,  емшек сүтімен баланы емізбеу, нәрестеге тағайындалған АРВ профилактикасы күніне 2 рет 42 күнге берілуін және ішу уақытын көрсетеді. Нәрестені екіншілік талдау жасауға анасымен бірге 1 жарым айда ЖИТС орталығына шақырады. Тексеру жүргізу барысында қосымша аурулар анықталса, тіркелген емханаға емделуге жібереді.  

      Тиянақты да жауапкершілікпен атқарылған еңбектің нәтижесінде 2022 жылы Шымкент қаласында адамның иммун тапшылық вирусымен ( АИТВ) өмір сүретін әйелдерден 22 дендері сау балалар дүниеге келген.

   

                                          Мақаланың авторы: Шымкент қаласы

 ЖИТС орталығының маманы Ахмедова Э.С.