Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығында АИТВ және туберкулез бойынша жеткен жетістіктермен алға қойған мақсаттар жайында журналистерді ақпараттандыру мақсатында баспасөз-конференциясы өтті.

 

2018 жылдың 21 ақпан күні Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының ұйымдастыруымен орталықтың мәжіліс залында АИТВ және туберкулез бойынша жеткен жетістіктермен алға қойған мақсаттар жайында журналистерді ақпараттандыру мақсатында баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференцияны Облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Мейрханов Т., Оңтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Сағымбеков Б., Ана мен бала облыстық орталығының бас дәрігері Шәкенов Б. өткізді.

Баспасөз-конференция барысында туберкулез бен АИТВ-ның таралуын алдын алып, жаһандық бәсекелестік индексіне әсерін тигізбеу жайында талқыланды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы облыстың бас фтизиатры Сағымбеков Б. халықтың арасында профилактикалық жұмыстардың сапалы жүргізілуінің, емдеу мекемелерін қажетті құрылғылармен қамтамасыз етудің нәтижесінде туберкулезден болатын өлім-жетімнің төмендегенін баяндады. Облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Мейрханов Т. АИТВ-мен ауратындардан қауіптенбеу керектігін, ол жұмыс барысында, қоғамдық орындарда жұқпайтынын айтып өтті. Облыстық СПИД орталығының бас дәрігердің орынбасары Маширов Қ.Н. АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайында, Ана мен бала облыстық орталығының бас дәрігері Шәкенов Б. түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ем-шаралардың жүріп, өзіндік оң нәтиже беріп жатқанына тоқталды. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жуап берілді.

Мақаланың авторы: Облыстық СПИД орталығының журналисі Ахмедова Э.С.