Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 2023 жылдың 22 мамыр күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында, ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай Қалалық ЖИТС орталығының мамандары «Политехникалық колледж» студенттеріне семинар мен науқан ұйымдастырды. Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті.
Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді. Іс-шара барысында АИТВ-жұқпасына жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстары ұйымдастырылып, тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңестер берілді.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева