Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылғы 27 ақпан күні Шымкент қаласының №91 және №92 жалпы орта мектептерінде Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының ұйымдастыруымен және қалалық білім бөлімі бекіткен кешенді жұмыс жоспарына сәйкес, 08-11 сынып оқушылары арасында «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу» тақырыбында дәріс өткізіліп, тындаушылар сауалнама сұрақтарына жауап берді.

Оқушылар және мұғалімдер іс-шаралар барысында АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат ала отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдысына және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуді үйренді.

 

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева