Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Созақ ауданында орналасқан: «Казатомпром-SaUran ЖШС», «Казатомпром-SaUran ЖШС Степное РУ», «КАТКО БК» ЖШС, «Волковгеология» АҚ филиалы, «UKO – S STAR» метал құрастыру зауыты, «ЖТИ- Зерде» ЖШС Созақ аудандық кәсіпкерлік бөлімі, «Сырлы Созақ»ЖШС, Дархан-Ас өндірістік кооперативі құрылымдарының басшыларымен қызметкерлеріне ОҚО СПИД орталығының мамандары Д.Ж Құтмамбетова,Б.АТойшыбеков , «АИТВ/ЖИТС» жаһандық бәсекелестік индексі тақырыбында семинар сабақтар өткізді.

Семинар барысында « АИТВ/ЖИТС» тақырыбында Созақ ауданының бизнес өкілдеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сауалнама алынды. АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу шаралары жайында парақшалар таратылды. Бейне фильмдер, бейнероликтер көрсетілді. Семинар 17 нысанда өткізіліп 256 адам қатысты.

Мақаланың авторы: ОҚО СПИД орталығының психолог маманы Құтмамбетова Д.Ж.