Науқан халық арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен шеттетудің алдын-алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Облыстық СПИД орталығының маманы У.М.Мухаметалина тыңдаушыларға ЖИТС-тің тарихы, алдын-алу шаралары, АИТВ-ның берілу жолдары туралы баяндады. Жиналғандар Қазақстан Республикасындағы, облыстағы және еліміздегі АИТВ-ның эпиджағдайы туралы ақпарат алды. Әр түрлі сұрақтар бойынша талдау жүргізілді. Науқан барысында АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен шеттетудің алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау айтылды.
Іс-шараға 29 адам қатысты.
Авторы:У.М.Мухаметалина Облыстық СПИД орталығының дәрігер эпидемиологы.