Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

ІІД-не қарасты мекемелерде АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу тақырыбында Оңтүстік Казақстан Облысы ІІД медицина бөлімінің базасында ҚР ДСжӘДМ-нің 23.06.2015 жылғы №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының орындалуы және жұмыс орнында АИТВ-инфекциясын жұқтырып алмау шаралары тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

Семинарда ҚР ДСжӘДМ-нің 23.06.2015 жылғы №508 бұйрығының орындалмай жатқаны, орындау үшін қандай шаралар орындау қажеттілігі баяндалды. Семинар халық арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен шеттетудің алдын-алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Семинардың нәтижесі бойынша хаттама түзіліп, шешімі ІІД аппарат жиналысында баяндалатын болып шешілді.

Облыстық СПИД орталығының маманы А.С.Ертаев тыңдаушыларға ЖИТС-тің тарихы, алдын-алу шаралары, АИТВ-ның берілу жолдары туралы баяндады. Жиналғандар Қазақстан Республикасындағы, облыстағы және еліміздегі АИТВ-ның эпиджағдайы туралы ақпарат алды. Әр түрлі сұрақтар бойынша талдау жүргізілді.

Семинарға 17 адам қатысты.

Авторы: А.С.Ертаев Облыстық СПИД орталығының эпидемиолог-дәрігері.