2018 жылдың 19 наурыз күні Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-нің «Парасат» колледжінде «Бүгінгі-бала, ертеңгі-ата-ана» атты тақырыпта арнайы сала мамандарының қатысуымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға - Облыстық онкологиялық диспансерінің онко гинекологы Тасбалтаева Доктыргүл Тәжібайқызы, Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының маманы, профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Жүргенбаева Назира Матышқызы, Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Керімбай Қаламқас Мұратқызы қатысты.