Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының 29.08.2018ж № 779-нқ бұйрығы негізінде 2018 жылғы 8 қыркүйекте Түркістан қаласының Есімхан орталық алаңында «Денсаулық сандарына жет» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2018» кеңкөлемді акциясы өткізілді.  Фестиваль медицина қызметкерлерінің таңғы марафонымен басталды, одан кейін алаңда Түркістан облысының, Түркістан және Кентау қалаларының медициналық ұйымдарымен облыс халықына көшпелі консультация, тегін дәрігерлік қабылдау, функционалдық-зертханалық диагностика және тағы басқа қызметтер жүргізілді. Облыстық СПИД орталығының 26 қызметкері денсаулық фестиваліне қатысып, АИТВ-инфекциясы туралы стендтер орнатылды. Халыққа АИТВ профилактикасы туралы ақпараттық материалдар тарату, психоәлеуметтік кеңес беру және жедел-тестілеу ұйымдастырылды.