Іс-шараны ұйымдастырушы - Түркістан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті медицина қызметкерлері, Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығы.
Семинар өткізудің мақсаты сотталушылардың арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту пен шеттетудің алдын-алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Облыстық СПИД орталығының маманы У.Байдилдаева тыңдаушыларға ЖИТС-тің тарихы, алдын-алу шаралары, АИТВ-ның берілу жолдары туралы баяндады. Жиналғандар Қазақстан Республикасындағы, облыстағы және еліміздегі АИТВ-ның эпиджағдайы туралы ақпарат алды. Семинар барысында пеницитенциарлы мекемелерде АИТВинфекциясының профилактикасы,зиянын төмендету бағдарламасы, жұқтырғандарды кемсіту пен шеттетудің алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейне фильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.
Лекцияға 12 адам қатысты.
Авторы:У. Байдилдаева- облыстық СПИД орталығының дәрігер эпидемиологі.