Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 

Іс-шараны ұйымдастырушы"Еуро-Азиялық құрылыс корпарациясы"Евраскон"ААҚ, Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығы.

Семинар өткізудің  мақсаты халық арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту пен шеттетудің алдын-алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Облыстық СПИД орталығының маманы У.М.Мухаметалина тыңдаушыларға   ЖИТС-тің тарихы, алдын-алу  шаралары, АИТВ-ның берілу жолдары туралы баяндады. Жиналғандар Қазақстан Республикасындағы, облыстағы және еліміздегі АИТВ-ның эпиджағдайы туралы ақпарат алды. Семинар барысында АИТВ жұқтырғандарды кемсіту пен шеттетудің алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейне фильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.

Лекцияға  15   адам   қатысты.   

Авторы:У. Байдилдаева- облыстық СПИД орталығының дәрігер эпидемиологі.