Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

      «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның Түркістан қаласы №2 бөлімшесінің психологі Л. Ганиева, мектептің директоры  Г.Өсербаева  және тәрбие жөніндегі орынбасары К.Жунисованың қатысуымен С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі оқушыларының арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша семинар өткізілді.  Семинар  барысында АИТВ/ЖИТС-тің берілу жолдары, алдын алу шаралары  бойынша баяндама тыңдалып, ақпараттық кітапшалар таратылды. Оқушылар тарапынан  сұрақтар қойылып, жауап берілді.

 

Мақала авторы:  Л. Ганиева психолог