Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

24.10.2018 ж. Индустриалды-техникалық колледж

СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

2018 жылдың 24 қазанында Индустриалды-техникалық колледжінің мәжіліс залында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында "Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК маманы Н.Жургенбаевамен бірлесе отырып 1 курс студенттеріне түсіндіру-профилактикалық мақсатындағы кездесу болып өтті. Колледж мейірбикесі Г.Нысанбекова, жастар істері жөніндегі инспектор Б.Төлебек, педагог-психолог А.Кадирова, әлеуметтік педагог У.Асильбекова жиында, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысқан топтар: ЭМ18-30к, ЭВ18-30к, КП18-31к, АЭ18-32к, АЭ18-33к, АЭ18-34к, АЭ18-35к, АЭ18-36к топтары және өндірістік орталық шеберлері. Жалпы қатысушылар саны - 200.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Н.Жургенбаева