Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

        2018 жылғы 25-26 қазанда Астанада Алматы декларациясының 40 жылдығына орай «Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» деген атаумен медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференция өтті. Конференцияның өткізілуі денсаулықтың мүмкіндігінше жоғары деңгейіне қол жеткізу, сондай-ақ кез келген саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйеде өмір сүретін адамның басты құқығы  болып табылатынын тағы бір дәлелдейді. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мәжіліс залында  Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференциясын онлайн тыңдалу ұйымдастырылды.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э. журналист