Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Түркістан қаласы Ш.Ниязов атындағы  жалпы орта мектебінде СӨСҚО орталығы мен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күресу орталығы «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен  оқушылар арасында семинар өткізді. Семинар өткізудің мақсаты: оқушыларға  АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат беру,  АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау. СӨСҚО маманы Г.Нуруллаева жастарды салауатты өмір салтын ұстануға  шақырып, оқушыларға тренинг ойындар ұйымдастырды. 

   Мақала авторы: психолог  Л. Ганиева