Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 Түркістан қаласы Көпсалалы медицина колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен қарсы күрес күніне арналған «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен студенттерге акция өткізілді. ЖИТС–тің алдын алу және онымен күресу орталығының  дәрігер эпидемиологі  Д.Рыскелдиев жастарға АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары бойынша  түсінік берді. АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтерін көрсетті. Семинар өткізудің мақсаты:  жастар арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Акция барысында ерікті, жасырын түрде АИТВ инфекциясына жедел-тестілеу жүргізілді.                                        

   Мақала авторы: дәрігер эпидемиолог Д.Рыскелдиев.