Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың 14 қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампания қарсанында «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен Қазығұрт аудандық ауруханасында ашық есік күні және флешмоб ұйымдастырылды. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары және Қазығұрт аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары  келушілер арасында  АИТВ инфекциясына жедел тестілеуді өткізді.

Халық арасында ақпараттық танымдық материалдарды таратып, АИТВ/ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аурухана қызметкерлері флешмоб билеп науқанға атсалысып белсенді түрде қатысты.

Мақала авторы; мұғалім Н.Жургенбаева

 

Қазығұрт флэшмоб