Шымкент қаласы №49 жалпы орта мектебінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күресу орталығы «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен оқушылар арасында семинар өткізді. Семинар өткізудің мақсаты: оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат беру, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күресу орталығы маманы А.Толебаев жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, оқушыларға тренинг ойындар ұйымдастырды.
Мақала авторы: социолог А.Толебаев