Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

   Шымкент  қаласындағы  «Азимед» көпсалалы колледжінде  «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен  Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған «Сенің қауіпсіздігің өзіне байланысты», «Біз  АИТВ туралы не білеміз? » тақырыбында  дәріс өткізілді. Іс -шара барысында тәлімгерлерге және мұғалімдерге АИТВ-ЖИТС туралы негізгі түсінік берілді. АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу жолдары, Антиретровирусты терапияның мақсаты туралы айтылды.АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС –пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік заңнамалармен таныстырылды.Сауалнамалар жүргізіліп, жедел тестілуден  өткізілді.

 

Бейне фильм көрсетіліп, буклеттер таратылды.

 

Қатысушылар саны: 77

Орындағандар  ЖИТС-пен күресу орталығының  мамандары: Д.Құтмамбетова және Г.Елемесова

 

өткізілген дәрістің видеосы