Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары дәрігер лаборант С.Сметова, психолог Д. Құтмамбетова, Созақ аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Б. Билисбаевтің қатысуымен  2018жылдың 12-15 қараша аралығында Созақ ауданында орналасқан білім беру және көптеген басқа мекемелерде, халық арасында 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай  «Өз статусыңды біл!» ұранымен  кампания өткізіледі. Кампания  барысында АИТВ-ның шығу тарихы мен берілу жолдарына мән берілді.  АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтер көрсетілді. Созақ ауданындағы  іс – шаралар: ХҚКО, пошта байланыс торабы, полиция бөлімі, кәсіпкерлер бөлімі, халық банкі, 6- жалпы орта мектептерінде, мәдениет және тілдерді дамыту мекемесінде, орман шаруашылығы, мемлекеттік кірістер басқармасы, ветеринария бөлімінде, өрт сөндіру бөлімінде, жұмыспен қамту орталығында, телекоммуникация торабында жалпы 26 мекемеде өткізілді.

Кампания өткізудің мақсаты жастар арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Мақаланың авторы: Құтмамбетова Д.Ж., психолог

 

 

ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАНЫҢ ВИДЕОСЫ