Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Бүгін «Салем» әлеуметтік  қалашығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары ұйымдастыруымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қатысуымен «Өз статусыңды біл!» тақырыбында акция өтті. Акция барысында  мамандар Техникалық колледж студенттеріне АИТВ инфекциясы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

«Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы» тақырыбында тренинг және викториналық сұрақтар  өткізілді. Тренингте АИТВ/ЖИТС дегеніміз не? АИТВ/ЖИТС қалай беріледі?  және одан сақтану жолдары туралы ақпарат берілді, тренинг соңында «Қауіп сызығы» зияткерлік  ойыны ойнатылды. Белсенді қатысқан студенттерге салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атынан  естелік сыйлықтар табысталды. Акция барысында жастар флешмоб билеп «Қауіпті аймаққа ЭкСПИДиция» квестіне қатысты.

Мақала авторы; мұғалім Н.Жургенбаева

 

флешмобттың видеосы