Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың 13-16 қараша күндері Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампания қарсанында «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен Қазығұрт ауданында жастар арасында бірқатар науқан және флешмоб ұйымдастырылды. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Қазығұрт аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары  оқушылар арасында ақпараттық танымдық материалдарды таратып, АИТВ/ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мен студенттер науқанға атсалысып белсенді түрде қатысты.

Мақала авторы; мұғалім Н.Жургенбаева

 

 ВИДЕОРОЛИК