Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес  жүргізу орталығы, аудандық орталық аурухана мамандары «Я. Есенбеков» жалпы орта мектептің оқушыларымен акция өткізді. Акция барысында жоғары сынып оқушыларына АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы баяндама оқылды. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.                                                            Акция өткізудің мақсаты: жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы  ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Акцияға қатысқан оқушылар саны-130

Мақала авторы :   эпидемиолог дәрігер  И.Т.Жаксылыков.