Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың 21 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампания қарсанында «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен «АРЫСТАНБАБ» колледж студенттері флешмоб ұйымдастырып, дәріске қатысты. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары Н.Жургенбаева, А.Оспанова және аудандық Жастар рессурстық орталығы мен аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары студенттер арасында ақпараттық танымдық материалдарды таратып, АИТВ/ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Іс-шараға  271 студент және 24 мұғалім қатысты.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева

 

 ВИДЕО