Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жастармен жасөспірімдер арасында «Қылмыспен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік»салауатты өмір салтын қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу өтті. 2018жылы  23 қарашада Ленгір қаласындағы №3 П.Тажибаева атындағы жалпы білім беретін мектепте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және қыздар арасындағы ерте жүктіліктің,АИТВ инфекциясы,өз-өзіне қол жұмсау,діни экстремизммен терроризмнің алдын алу бағытында жас өспірімдермен жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс шараға Түркістан облысы отбасы балалар және жастар ісі жөніндегі басқарманың балалардың құқықтарын қорғау бастығы  Н.Асанов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»МКМ-нің дін танушы маманы Б.Заманханов,Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психологы М.Баймұхамбетова ,Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық»профилактикалық жұмыстар бөлімінің психологы Д.Кутмамбетова және эпидемиолог көмекшісі С.Рыскулбекова қатысты.

 

Мақала авторы: Д.Құтмамбетова

 

видео