Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

1 желтоқсан Дүниежүзілік  ЖИТС – пен  күрес  күніне  орайластырылған   (жүргізілу  мерзімі 15 қарашадан  15 желтоқсанға дейін) айлық өткізу жоспары  бойынша   22.11.2018ж. сағат 12.00  Шымкент экономикалық  колледжінің мұғалімдері  мен  студенттері  арасында  «Қоғамдық  денсаулық  институты» мекемесі  және  ЖИТС- тің алдын – алу  және оған қарсы күрес орталығының  мамандары  бірлесіп,  «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен науқан өткізілді. Науқан барысында ЖИТС орталығының мамандары: Ф. Абдиева, Д. Құтмамбетова  АИТВ/ЖИТС туралы түсінік беріп,  бейнероликтер көрсетілді.  Студенттермен   «СПИД ғасыр  дерті»  атты көрінісі  қойылып, флэшмоб биледі.Студенттер мен мұғалімдер арасында  АИТВ инфекциясына тексерілгісі  келетіндерге  жедел тест  қойылды,  буклеттер мен парақшалар таратылды. Сауалнама  жүргізілді. Науқан  барысында  студенттер мен  мұғалімдер АИТВ/ЖИТС  туралы шынайы  ақпарат ала отырып,  қауіпсіз  мінез – құлық  дағдысына  және АИТВ – мен өмір  сүрушілердің  құқықтарына  құрмет көрсетуді  үйренді.

Мақала авторы: Құтмамбетова Д.

 

ВИДЕО