Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың қараша айының 20-23 жұлдыздары арасында Ордабасы ауданында «Өз  мәртебеңді біл!» ұранымен 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай іс-шаралар өтті. Іс-шараға ЖИТС орталығының мамандары дәрігер терапевт А.Ж.Медетова, лаборант дәрігер Е.А.Шиликова, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы П.А.Бекпейіс, ҰСО Ордабасы аудандық бөлімшесінің дәрігер-бактериологы Б.Мыңбаев, Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Т.Бәкір және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы С.А.Сметова қатысты.

Атап айтқанда, Темірлан елді мекенінде мал базарда, «Сатыбалды ата» әмбебаб базарында, халыққа қызмет көрсету орталығында, Төрткүл елді мекенінде «Қарашаш ана» әмбебаб базарында халық арасында санитарлық ағарту жұмыстары; Ордабасы аудандық орталық ауруханаға қарасты емханада ашық есік күні, №8 өрт сөндіру бөлімінде, «Кәусар» гимназия мектебінде дәріс; Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде 9-11 сыныптар арасында диктанттық жұмыс; «Шолпан» және «Балбөбек» бөбекжай балабақшаларында, Ордабасы ауданы почта байланыс торабында, Ордабасы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында, Шұбарсу елді мекеніндегі  халыққа қызмет көрсету орталығында семинар; Ынталы елді мекеніндегі Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектеп-интернаты, Шұбар елді мекеніндегі № 18 кәсіптік лицей, Темірлан елді мекеніндегі Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде флешмоб, дөңгелек үстел, Қайнар елді мекеніндегі «Ордабасы құс» фабрикасында науқан; «Ордабасы» ақпарат орталығында пресс конференция өткізілді. 60 адам АИТВ инфекциясына экспресс тестілеуден өтті.

Халық арасында, әсіресе жастар арасында АИТВ берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы білуге, өз денсаулықтарына жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, психикалық денсаулығын сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және болашақта үнемі анализ тапсыру арқылы АИТВ статусын білуге шақырды. Кездесу барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалып, түрлі  ұсыныстармен пікірлер тыңдалды.

 

Мақала авторы: дәрігер терапевт А.Ж.Медетова

 

ВИДЕОСЫ