Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 

23.11.2018ж. Шымкент қаласы №81 Т. Тәжібаев мектебінде «Өз мәртебеңді біл» Ұранымен лекция өтілді.

  Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және қарсы күрес жөніндегі орталықтың дәрігері Б.Бақтыбаева өткізді.Семинар барысында  8-9-10-11 сыныптың оқушыларына АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсінікпен қарау  бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді. Семинар өткізудің мақсаты жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты қауіпсіздік тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбилеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

   Қатысқан оқушылар саны-298;   Мұғалімдер-52