2018 жылдың 29 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында СӨСҚО және ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Түркістан жоғары медицина колледж студенттері үшін акция өткізілді.
Осы іс-шараның мақсаты - АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, сондай-ақ студенттердің назарын өзінің АИТВ-статусын және тестілеу қажеттілігін білудің маңыздылығына аудару.
Акция барысында ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел түрде тексеруден өтті. Қатысушыларға ақпараттық білім беру материалдары , слайд, бейнефильмдер көрсетілді, жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды. Студенттер тарапынан көріністер мен флешмоб көрсетілді.
Мақала авторы: ЖИТС орталығы Түркістан қаласы №2 бөлімше мамандары