Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың маманы Байдилдаева У.С. ҚРҚМ №83205 әскери бөлімде семинар өтті. Семинар барысында жастар арасында АИТВ-ның шығу тарихы мен берілу жолдарына түсініктеме берілді. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарауға шақырылды.
Семинар өткізудің мақсаты жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог