Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың маманы Байдилдаева У., ҚДСБ-ның мамандары Полатова Г., Кенсебаева Д., қатысуымен ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығында семинар өтті. Семинар барысында АИТВ-ның шығу тарихы мен берілу жолдарына мән берілді. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, жастарды АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарауға баулу.
Семинар өткізудің мақсаты жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог