Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында  СӨСҚО және ЖИТС орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Шымкент  қаласы  №5 колледж студенттерімен акция өткізілді.   Іс-шараның мақсаты: АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, сондай-ақ студенттердің назарын өзінің АИТВ-мәртебесін және тестілеу қажеттілігін білудің маңыздылығына аудару. 

Акция барысында ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел түрде тексеруден өтті.  Қатысушыларға ақпараттық білім беру материалдары , слайд, бейнефильмдер көрсетілді,  жастарға  арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды. Студенттер тарапынан көріністер мен флешмоб  көрсетілді.

Мақала авторы: Толебаев А