Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары психолог Д. Құтмамбетова және эпидемиолог көмекшісі О.Медетов Келес аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы  Г.Ускенбаеваның, эпидемиолог  Т.Икамбаевтың  қатысуымен  27.11 - 30.11.2018 ж.  аралығында Келес ауданында  1-  желтоқсан – Дүниежүзілік  ЖИТС-пен күрес күніне орай  «Өз мәртебенді біл!»  ұранымен  кампания өткізілді.  

  Кампания  барысында АИТВ-ның шығу тарихы мен берілу жолдарына мән берілді.  АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға  қолдау көрсету және оларға  түсіністікпен  қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтер көрсетілді. Cауалнамалар жүргізілді.  Оқушылар арасында диктанттық жұмыс алынды. Келес ауданық газетіне мақала берілді.

Өткізілген іс – шаралар: ХҚКО, пошта байланыс торабы, , кәсіпкерлер бөлімі,  жер қатынастар бөлімінде - дәріс, 4 - жалпы білім беретін мектептерде және №13 колледжде, мәдениет үйінде - науқан,  мәдениет және тілдерді дамыту мекемесінде, ветеринария бөлімінде, телекоммуникация торабында,  3 бала бақшада – дәріс,  Абай аудандық емханасында және Әуес орталық базарында - ашық есік күні  өткізілді.  

Кампания өткізудің мақсаты халық арасында АИТВ-ның берілу жолдары,  алдын алу шаралары,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Құтмамбетова Д.Ж., психолог

 

 видеоролик 

видеоролик 2