Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

      1 желтоқсан Дүниежүзілік  ЖИТС – пен  күрес  күніне  орайластырылған   (жүргізілу  мерзімі 15 қарашадан  15 желтоқсанға дейін) айлық өткізу жоспары  бойынша   04.12.2018ж. күні  Шымкент қалалық  салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастыруымен  ЖИТС- тің алдын – алу  және оған қарсы күрес орталығының  мамандары  бірлесіп,  «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен   «МЕГА» сауда және  сауықтыру орталығының 2-ші  қабатында  «Медицина  қалашығы»  тақырыбында   науқан өткізілді. 

         Науқан барысында халық  арасында  терапевт,  гинеколог, уролог,  дерматовенеролог,  психолог  мамандары  кеңес алғысы келетін тұрғындар  мен  қала  қонақтарына тегін  кеңес  беріп,  АИТВ  инфекциясына  тексерілем  деушілерге  жедел  тест  сынамалары  жүргізілді.  Сонымен  бірге СӨСҚО  мамандарымен  «Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы»  тақырыбы  бойынша  түсіндірме  жұмыстары  жүргізіліп,  жастар  арасында викториналық  сұрақ – жауап  жүргізілді. 

Халық арасында  буклеттер мен парақшалар таратылды.

         Науқан  барысында  тұрғындар мен  қала қонақтар АИТВ/ЖИТС  туралы шынайы  ақпарат ала отырып,  қауіпсіз  мінез – құлық  дағдысына  және АИТВ – мен өмір  сүрушілердің  құқықтарына  құрмет көрсету  бойынша түсінді.

         Өткізілген іс шаралар суретке түсіріліп, бейнеролик жасалды.

 

Мақала авторы: Құтмамбетова Д

 ВИДЕОРОЛИК 

 

ВИДЕОРОЛИК 2